✅ Ең жақсы әйел
Пайғамбарымыз ﷺ айтады: "Ең жақсы әйел көп туатын әйел, әппәқ бірақ бала тумайтын әйелден көрі, қап-қара реңі болмаса да көп бала туатын әйел сұлу" деген сөздері де бар. Нағыз сұлулық ана болуда, нағыз сұлулық бетке бес кила бояуды жағуда емес, нағыз сұлулық бір жылтыр-жылтыр айнадай бір сұлу киім кию де емес. Бірінші сұлулық жан сұлулығы, адамның тәнінің сұлулығы ол бір уақытша нәрсе, ары кете бір апталық сұлулық болар, ары кетсе бір айлық сұлулық болар одан кейін ол сұлулық қалады жайына. Шын сұлулық адамның жүрегінің, жан-дүниесінің байлығы сұлулығы. Қыз балаларға айтатынымыз жүрегіңізді байытыңыз, мінезіңізді байытыңыз, тақуа болыңыз, Аллаға көп сауап амалдар жасап жүрегіңізді де, өміріңізді де Алла үшін арнаңыз. Соңғы айтатынымыз айел кісінің өзінің ерінің алдындағы міндеттерінің біреуі Кұрани кәримдегі айтқан бұйрықтарға қарай өзінің ерінің үйінде отыру. Әйел кісі өзінің күйеуінің руқсатымен ғана үйден ғана шыға алады. Рұқсатсыз шыққан әр бірі Алладан лағнет алады. Күйеуінің рұқсат еткен адамдарымен ғана ағайын,туыстарымен ғана араласып сол кісілерді ғана үйіне қонақ ете алады. Басқа кісілерді айел кісі шақыруға күйеуінің ғана рұқсатыменен, ақысы бар.
✏ Ұстаз Арман Қуанышбаев
#um_armankuanyshbaev